Болат Төлеуханұлы Ермағанбет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Төлеуханұлы Ермағанбет (1947 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (1993). Қарағанды политехникалық институтын (1969, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы (1974–1979), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1979–1983), Қазақстан Ғылым Академиясының Органикалық синтез және көмір қышқылы институтында лаборатория меңгерушісі (1983–1994), Алматы қаласы «Монтажинжиниринг» АҚ ғылыми бөлім бастығы (1994–1997), Астана қаласындағы Қазақстан–Ресей университетінің ректоры (1997–2000) болды. 2001 жылдан Ақмола технология және бизнес университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарады.

«Каталитическая конверсия угля и тяжелых нефтяных остатков связанным водородом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ермағанбет 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998, ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}