Болат Сұлтанұлы Өжкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Сұлтанұлы Өжкенов (26.10.1955, Ақтөбе) - Геология-минералогия ғылымдарының докторы. Қазақстан минералогия ресурсы академиясының академигі.

Өмірбаяны

  • Ленин атындағы ҚазПТИ-ді бітірген, тау-кен-инженер.
  • 1978-1979 жылдары - Каспий маңы МБЭ бұрғышының көмекшісі.
  • 1979-1990 жылдары - Оңтүстік Қазақстан аумақтық басқармасы ІЖЭ геологі, бөлімше бастығы.
  • 1990-1993 жылдары - Бас барлау өндіру геологиялық басқармасы Қазақстандық экспедициясы партиясының бастығы, экспедиция бастығы, Қазақстандық Республикалық «Қазминерал» басқармасының бастығы.
  • 1993-1995 жылдары - «Оңтқазгеология» ӨГБ жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Оңтүстік Қазақстан АБ бас инженері, бастығы
  • 1995-1997 жылдары - ҚР геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жанындағы «Қазмемжерқойнауы» минералды ресурстар ГБ бастығы.
  • 1997-1999 жылдары - ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігінде геология және жер қойнауын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.
  • 1999-2001 жылдары - табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі.
  • 2001 жылан ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігінде геология және жер қойнауын қорғау комитетінің төрағасы.

Өмірбаяны

  • «Астана» медалі
  • «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер