Болат Бидахметұлы Жәмішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Болат Бидахметұлы Жәмішев (28 маусым 1957 жыл Алтын Емел ауылы, Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан Республикасының қаржы министрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

  • Қазақ ауыл шаруашалық институтын бітіріп, экономист дипломын алып шыққан.
  • 2006 ж. маусымынан бастап Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
  • 2004 ж. қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған.
  • 2006 ж. қаңтарында бұл лауазымға Арман Дунаев тағайындалған болатын.
  • 2007 ж. қарашаның 13 — ҚР Қаржы министрі.
  • 2013 ж. 6 қарашадан - Қазақстан өңірлерді дамыту министрі.
  • 2014 ж. 6 тамыздан - Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы.

Қосымша лауазымдар

  • 2012 ж. 6 қыркүйектен - Қазақстан конкимен жүгірушілер ұлттық федерациясының құрметті президенті болып сайланды.

Марапаттары

  • «Парасат» ордені

Астанаға 10 жыл медалі.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Бәтила Жәкенқызы Жәмішева (1957 жылы туған), филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы. Ұлдары - Дәулет (1985 жылы туған); Қуаныш (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті