Болат Балтақайұлы Бейсембаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейсембаев Болат Балтақайұлы(1.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы (Қалбатау) – 9.10.1999, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1984), проф. (1992), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989).

Қазақ кен-металлургия ин-тын (1961) және оның аспирантурасын (1964) бітірген. 1965–1975 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 1981–1975 ж. зертхана меңгерушісі, 1975–1995 ж. ин-т директорының орынбасары, ал 1995–1999 ж. сол ин-ттың директоры және 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы болды. Негізгі ғыл. еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ол түсті металдар мен фосфордың баланстан тыс және қиын байытылатын кентастарын кешенді өңдеу процесінің хим.-металлург. негізін жасады. Сапасы төмен Жаңатас кварциті мен құрамында марганеці бар Шолақтау фосфоритін қайта өңдеу технологиясын өндіріске енгізді. Титан өндіру кезінде ванадийлі қосылыстар алудың жаңа технологиясын, сондай-ақ қорғасын-мырышты кентастарды жер астында шаймалау жобасын жасады. Геотехнол. тәсілін қолдану нәтижесінде Ақтоғай және Айдарлы мыс кентасы орындарының қоры едәуір арттырылды. Васильков кен орны кентасынан жыл бойы алтын шаймалау технологиясы игерілді. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1982).<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болат Балтақайұлы Бейсембаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}