Болатхан Құлжанұлы Тайжан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Болатхан Құлжанұлы Тайжан (8 наурыз 1941 жыл, Павлодар20 ақпан 2007, Алматы) – мемлекет қайраткері, дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1966) және КСРО ҒА жанындағы Мәскеу халықаралық экономикалық қатынастар институтының аспирантурасын (1970) бітірген.

Өмірбаяны

Балалық шағы

Жас Тұлпар

Дипломатиялық қызмет

Қоғамдық-саяси өмір

Отбасы

1970 – 74 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974 – 75 жылдары Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрінде бас хатшы, 1975 – 80 жылдары Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы, 1980 – 85 жылдары Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, 1985 – 89 жылдары Йемен Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші, 1989 – 93 жылдары Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапы қызметкер, ҚР сыртқы экономикалық қатынастар министрінің 1-орынбасары, 1993 – 99 жылдары Қазақстанның Египеттегі Төтенше және өкілетті елшісі және қосымша Марокко, Тунис, Алжир, Иордания, Сирия, Ливия елдеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі, 1996 – 99 жылдары Ислам Конференциясы ұйымындағы ҚР-ның тұрақты өкілі, 1999 – 2001 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2003 – 05 жылдары “Нұр Отан” партиясы төрағасының кеңесшісі, 2005 жылдан өмірінің соңына дейін ұлттық-патриоттық “Ұлт тағдыры – ел тағдыры” қозғалысының төрағасы болды. Тайжан Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды және зиялы қазақ азаматы ретінде елдегі қоғамдық қозғалыстарға белсене араласты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}