Бозымов Казыбай Қараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бозымов Казыбай Қараұлы.jpg
Бозымов Казыбай Қараұлы

Бозымов Казыбай Қараұлы, Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл бекетінде 1949 жылы 16 ақпанда дүниеге келген.

Еңбек жолы

Білімі жоғары, 1976 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын үздік бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Орал бекетінің локомотивтік депосында нақты өлшемелі аспаптарды жөндеу, реттеу және оларға қызмет көрсету слесары ретінде жұмыс жасай жүріп, жұмысшы жастардың № 54 кешкі мектебінде оқыған. 1967 жылы сәуір айында тепловоз машинисінің көмекшісі қызметіне ауыстырылған. 1969 – 1971 жылдары Кеңес әскери қарулы күштері қатарында қызмет ете жүріп, қатардағы жауынгердің жоғары наградасы – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1971 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1976 жылы үздік бітіріп шықты.

Бұдан кейінгі еңбек жолы жоғарыда аталған оқу орнымен тығыз байланысты, осы оқу орнында ассистент қызметінен бастап, аспирант, жеке мал шаруашылығы кафедрасының доценті, зооинженерлік факультеттің деканы, Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры, одан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорына дейінгі лауазымдық қызметтерді атқарды.

Қызметтері

09.1976 – 01.1976 ж.ж. – Жеке мал шаруашылығы кафедрасының ассистенті;

01.1979 – 12.1981 ж.ж. – Бүкілодақтық етті мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты;

12.1981 – 04.1987 ж.ж. – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық

институтының (БҚАШИ) жеке мал шаруашылығы кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы;

04.1987 – 12.1987 ж.ж. –  БҚАШИ  зооветеринария факультетінің деканы;
12.1987 – 01.1990 ж.ж. – БҚАШИ партия комитетінің хатшысы;
01.1990 – 05.1996 ж.ж.–  БҚАШИ оқу жұмыстары жөніндегі проректоры;
05.1996 – 02.2000 ж.ж.–  Батыс Қазақстан аграрлық университетінің                                 

бірінші проректоры;

02.2000 – 01.2002 ж.ж.– Басқару және Құқық институтының ректоры;
01.2002 – 11.2002 ж.ж.–  Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық

университетінің ректоры;

04.11.2002 жылдан осы уақытқа дейін – Жәңгір хан атындағы Батыс

Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.

Еңбектері

Профессор Қ.Қ. Бозымов 233 ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, мақалалардың, соның ішінде «Қазақтың ақбас сиыры» және «Түйе шаруашылығы» монографияларының, «Цитология, эмбриология, гистология негіздерімен жануарлар анатомиясының практикумы» мен «Жылқы және түйе шаруашылығы» оқулықтары, асылдандыру, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен асылтұқымдық қасиеттерін арттыруға арналған ұсынымдар мен нұсқаулықтардың авторы. «Ерлікке тағзым» және «Білім берудегі сапа менеджменті» кітаптарын шығарған.

Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, бір докторлық диссертация қорғалды. Қазіргі кезде де ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысады, Батыс Қазақстандағы асылтұқымды жануарлардың көбею қабілеттерін арттыруға арналған тақырыптың ғылыми жетекшісі болып табылады. Университеттің диссертациялық кеңесінің төрағасы. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды, сондай-ақ Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы. Малды асылдандыру жұмысындағы ірі жетістігі үшін (жаңа аймақтық түр және қазақтың ақбас сиырының екі линиясын шығарған) ҚР ӘМ зияткерлік меншікті қорғау комитеті профессор Қ.Қ. Бозымовқа 2010 жылы 3 патент берді.

Марапаттамалары

ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы;

ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы;

БЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;

ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2005 ж.;

«Құрмет» ордені, 2006 ж.;

ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Барыс» белгісі, 2009 ж.;

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі, 2010 ж.;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалы, 2011 ж.

Қ.Қ. Бозымов – беделді ғалым, қоғам қайраткері, білікті кәсіби-жетекші, студенттер қауымы мен әріптестері арасында, облыс пен Республика көлемінде абыройға және құрметке ие. Ол «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі. 2005 жылы ҚР Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қалалық штаб төрағасы және сенімді өкілі болды.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.

2. ↑http://ardaktylar.kz/