Бисен Ғайнышұлы Дәуімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Бисен Ғайнышұлы Дәуімов (2 қаңтар, 1947 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Орда кенті) - гидрогеолог.

Өмірбаяны

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) тау-кен инженері-гидрогеолог мамандығы бойынша бітірген.
  • 1970 жылдан - Орал гидрогеологиялық экспедициясының инженер-гидрогеологы
  • 1973 жылдан - түсірім партиясының бастығы
  • 1977 жылдан - бас гидрогеологы.
  • 1993 жылдың маусымынан - Орал гидрогеологиялық экспедициясының бастығы (1993 жылдың желтоқсанынан - «Жайықгидрогеология» АҚ президенті).
  • 2005 жылдан бері - «Жайықгидрогеология» ЖІІІС (Орал қ.) бас директоры.

Еңбектері

  • Батыс Қазақстан облысы аумағының 1:200 000 ауқымды мемлекеттік гидрогеологиялық картасының 5 парағының авторы. Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияда (КСРО ҚМК) Январцев және Жарсуат жерасты сулары кеніштерінің пайдалану қорлары ашылған, зерттелген және бекітілген. Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі аумақтық комиссияда (ҚАК) Орал қаласын сумен қамтамасыз ету үшін Орал жерасты суларының кеніш қорлары, сонымен бірге облыстың елді мекендері мен өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен жабдықтау үшін бірқатар кен орындары қайта бағаланды. «Нива», «Коммунальник», «Мелиоратор» сауықтыру шипажайлары үшін минералды сулар қорларына барлау жүргізілді және тұжырымдалды. «Ақ Жайық» сауда белгісімен Теректі кен орындарының минералдық емдік-ас суының құйылымдары жүргізілді.

Марапаттары

  • «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі
  • КСРО Геология министрлігінің «Жер қойнауын барлауда сіңірген еңбегі үшін» медалі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлау үздігі» белгі
  • «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы» белгі
  • «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгі
  • КСРО Геология министрлігінің грамоталары.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Севрюгина Валентина Анатольевна, техник-гидрогеолог.
  • Қыздары - Гүлнар, Виктория, Ольга.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}