Билік бөлінісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен тұрады дейді: біріншісі - мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі - қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші - сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.

Билік етуші элита

БилӀк етушӀ элита - маңызды саяси шешімдер қабылдайтын, әлеуметтік, саяси, психологиялық ерекше қасиеттерімен, саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан мамандығымен, артықшылықты жағдайымен ерекшеленетін адамдар тобы. Саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің қозғаушы күші де осы топ адамдары.

Билік көздері

БилӀк көздері- билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. БилӀк көздёрӀ өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. БилӀк көздёрӀ жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. ¥йымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің ) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б ) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Билік бөлінісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}