Беғазы кешені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беғазы кешені<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> - қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік-шығысында 40 қм жерде, Беғазы қорымының солтүстік-шығыс жақ шегінде орналасқан. 1947, 1952 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған Құрылыстары бір-біріне ұқсас.
<p style="text-indent: 25px;"> Тек көлемдері әр түрлі. Сыртқы көлемі 4x4 м-ден, 9, 6x9, 6 м-ге жетелі, пішіні шаршы, кісі қойылған бөлмесінің көлемі 2, 2x2, 2 м-ден, 6Х6 м. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 - 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан ұзындығы 1,8 - 9 м, ені 0,75 - 4 м дәліз салынған. Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге түсетіні 1-және 2-бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастардың биіктігі 2,5 м. Бейіттер кезінде тоналғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау мүмкін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке бөлінген. Бір жағы мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен ас қойылатын орын болған. 1-бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған, ұзына бойына үш сымтас тіреуіш қаласы бар, сәкі тәрізді. Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал, арқар, таутеке сүйеқтері қойылған. Осы жерде мәйітті өртеген орын да бар. Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күштен сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзелерінің пішіні де, өрнектері де Андронов мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәріздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше.
<p style="text-indent: 25px;"> Беғазы кешендерінен қола шаш түйреуіш, жуалдыз, моншақтар, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. 9-8 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезенде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дөндібай, Бүғылы, Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғанын айғақтайды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Әдебиеттері:

Марғұлан Ә., Бәсенов Т., Меңдіқұлов М., Қазақстан архитектурасы, А., 1959; Марғұлан А.Х., Бегазы-Дандыбаевская кулыура Центрального Казахстана, А.-А., 1979

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}