Берік Ұзақбайұлы Молжігіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берік Ұзақбайұлы Молжігіт (6 маусым, 1952 жыл, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық кентінде туған) - Қазақстанның Құрметті сәулетшісі (2009).

Өмірбаяны

Әкесі - Дошекенов Ұзақбай (1933-1991). Анасы - Дошекенова Мынауара (1933-2002).

  • 1969 жылдан - Алматы көркемсурет училищесінің студенті.
  • 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1978 жылдан - КСРО Көркемөнер академиясы жанындағы И. Репин атындағы Архитектура, мүсін және кескіндеме институтының студенті. КСРО Көркемөнер академиясы жанындағы И. Репин атындағы Архитектура, мүсін және кескіндеме институтының архитектура факультетін (1984) сәулетші-суретші мамандығы бойынша бітірген.
  • 1984 жылдан бері - «Алматыгипрогор-1» жобалау институтының архитектуралық-құрылыс 1-бөлімінің сәулетшісі, жетекші сәулетшісі, сәулетшілер тобының жетекшісі, бас жобалар сәулетшісі, бастығы.

Келесі объектілердің авторы

  • Алматы қаласындағы партия облыстық комитетінің ғимараты
  • «Думан» ықшам ауданындағы 1 000 орындық мектеп
  • Алматы қаласы әуежайындағы жолаушылар терминалының жаңа ғимараты
  • Алматы қаласындағы әкімшілік-тұрғын кешені
  • Астана қаласындағы «Керуен» сауда-ойын сауық орталығы
  • Тараз қаласындағы Қабылдау үйі.

Қоғамдық қызметі

  • ҚР Сәулетшілері одағының мүшесі (1987)
  • ҚР Суретшілері одағының мүшесі (2009).

Жетістіктері

  • ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2006).
  • Дүниежүзілік архитектура биенналесінің дипломанты (София қ., 1989, 2009).
  • Қазақстанның Құрметті сәулетшісі (2009).

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Молжігітова Шара (1955 ж. т.), бухгалтер.
  • Ұлы - Молжігіт Жалғас Берікұлы (1987 ж. т.), студент (Англия).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub