Берден Байқошқаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берден Байқошқаров (28 шілде 1936 жылы, Талас ауданы бұрынғы К.Маркс атындағы ұжымшар) — қоғам қайраткері.

Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж . Талас ауданындағы " Қызыл Октябрь" ұжымшарында, "Ойық" кеңшарында машина- трактор шеберханасының меңгерушісі, 1962-69 ж. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау жөніндегі Талас территориясы басқармасында бас инженер, басқарма бастығының директоры, 1969-73 ж. "Кеңес" кеңшарының директоры. 1973-74 ж. Сарысу ауданы партия комитетінің 2 хатшысы, 1974-84 ж. Қордай ауданы партия комитетінің 1- хатшысы, 1984-91 ж. Қазақ КСР су шаруашылығы министрлігінің Материалдық-техникасымен қамтамасыз ету , механикаландыру және электрлендіру басқармасының бастығы. 1991-93 ж. Байзақ ауданы Чапаев атындағы кеңшардың директоры. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қазан Революциясы орденімен және медальдармен марапатталған. «Қордай: кеше және бүгін» атты кітаптың авторы.<ref>Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер