Белбеу Тастау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белбеу Тастауұлттық ойын. Ол көп адамның қатысуымен далада көгалда не төсеніш үстінде ойналады. Ойыншылар алқа-қотан отырады да, біреуі қолына белбеу ұстап, отырғандардың сыртын айналып жүріп, өзі ұйғарған кісінің сыртына білдірмей белбеуді тастап кетеді. Ол айналып келгенше сырт жағына белбеу тасталған адам сезбесе, ойын жүргізуші айыпты адамды шеңберді айналдыра қуалап: “Орныңды тап!” деп белбеумен соғады. Ал отырған адам белбеу тасталғанын сезіп қалса, белбеуді ала салып, жүргізушінің өзін қуып, сабалайды. Белбеудің қатты, жұмсақ соғылуынан ойыншылардың көңіл-күйлері аңғарылып қалады. Ұлттық ойындардың басқа түрлері сияқты, белбеу тастаудың да өзіне тән тәрбиелік мәні бар. Ол жастарды шапшаңдыққа, төзімділікке, батылдыққа баулиды. Ойынның мұндай түрі қырғыз, түрікмен халықтарында да кездеседі.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}