Бек Ақатайұлы Түлеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түлеков Бек Ақатайұлы. 1926 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысында туған. Қазақ. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің мүсін бөлімін бітірген (1949). ҚР көркемөнер Академиясының толық мүшесі. Мүсінші, суретші-кескіндемеші. Екі мәрте Социалисттік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаевтың мүсінінің (1962), «Аналық» саябақ композициясының (Алматы қаласы ҚР Президентінің іс Басқармасы емханасының алдындағы, 1970), Чапаев ескерткішінің (Орал қаласы, 1982) авторы. Әйгілі асыл тұқымды «Кептер» ақалтекесіне арналған камералық мүсіндер сериясының авторы. Суретшінің жұмыстары ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, аймақтық мұражайларда, Еуропа және Қазақстанның жеке коллекцияларында сақталуда. 1940-1942 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1949 жылдан - Гурьев облыстық театрының, Қазәдбаспасының суретші-көркемдеушісі. КСРО, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub