Бекен Айтжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекен Айтжанов (1926-1977, Атырау облысы). БОКОК-тің Ленинградтағы жоғары мектебін бітірген (1957). 1943-1945 жылдары - Доссор АКҚ жұмысшысы. 1945-1957 жылдары - мұнайшылардың мәдениет үйінің директоры, қолөнер училищесінің тәрбиешісі, Мақат аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1957-1971 жылдары - Мақат аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Байшонас, Құлсары МАБ парткомдарының хатшысы, Жылыой аудандық партия комитетінің хатшысы. 1971 жылы - Атырау облыстық кәсіподақ Кеңесіне төраға болып сайланған. Екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}