Бейімбет Кеңесбайұлы Демеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Бейімбет Кеңесбайұлы Демеуов (1964) – хор дирижері, ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1999). 1989 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі ұлттық консерватория) вокалдық-хор факультетін (профессор А.В. Молодовтың жетекшілігімен) бітірген. Оқып жүрген кезінен бастап Қазақтың мемлекеттік хор капелласында хормейстер (1988 – 1989) болып жұмыс істеді. Осы капелланың хормейстері (1990 – 1993), дирижері (1993 – 1995), бас дирижері (1995 жылдан) болып, қазақ композиторларының көптеген хор мен капеллаға жазылған шығармаларына дирижерлік етті. 2006 жылы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы орындауында Демеуовтің дирижерлік етуімен ҚР-інің жаңа әнұраны түпнұсқа ретінде ресми түрде жазылды. Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де (1998 жылдан оқытушы, 2004 жылдан аға оқытушы, ал 2007 жылдан доценті) айналысады.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub