Бейтараптық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейтараптық - (Үлгі:Lang-la) - ешкімнің тарапына қосылмай қалыс қалу немесе енжар, селқос қарау. Мысалы: екі мәселенің де бағытына назар аудармай, ешкімнің де тарапын қолдамай қалыс қалушылық.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Халықаралық құқықта және әлемдік саясатта соғысқа қатысудан бас тартатын, бейбіт өмірде әскери одақтарға кіруге қүлық танытпайтын мемлекеттің мәртебесі. Кеңірек мағынада кез келген мемлекетаралық бірлестіктерге қатысудан бас тартуы мүмкін. Әдетте ол басқа мемлекеттермен келісім-шартпен бекітіледі. Бейтарап мемлекеттердің, сондай-ақ қарулы қақтығыс жағдайында соғысушы жақтардың бейтарап мемлекеттерге қатысты қүқықтары мен міндеттері 1907 жылғы Гаага конвенцияларымен "Бейтарап елдер мен тұлғалардың қүрлықтағы соғыс жағдайындағы қүқықтары мен міндеттері" және "Бейтарап елдер мен түлғалардың теңіздегі соғыс жағдайындағы қүқықтары мен міндеттері" және сонымен қатар, бейтарап мемлекеттер аумағы әскери әрекеттер сахнасына айнала алмайтындығы жайлы бірқатар халықаралық- қүқықтық актілермен реттелген. Бейтараптық саясатына қарсыласушы мемле¬кеттер мен мемлекеттер одақтарының арасындағы мүмкіндіктердің теңдігіне талпынуы, саяси тепе-теңдік немесе күштер тепе-теңдігі алғышарт бола ала¬ды. Еуропада жаңа кезеңде халықаралық саясаттың негіздерінің бірі ретінде кеңінен тарады. Бейтараптықтың ерекше алғышарты - мемлекеттің діни саяси жағдайы және үлттық дәстүрлері. Осылайша, үзақ уақыт бойына бейтараптық саясатын Ұлыбритания, Франция және Германияның мүдделерінің тоғысқан түсында калган Бельгия үстанды. Еуропаның нақ ортасындағы Швейцария да осындай саясат үстануға тырысты. Ол тіптен, бейтараптықты шектен шығарып, үжымдық қауіпсіздік шараларына немесе әзге мемлекеттерге қатысты экономикалық санкцияларға қатыспау үшін БҰҰ-на мүшеліктен бас тартты.

Белгілі бір мағынада бейтараптық саясат пен қазіргі Еуропа Одағындағы ықпалдасудың тереңдеуіне сақтықпен қарайтын еуроскептиктердің (мысалы, Данияда) арасынан үқсастық іздеуге болады. Әлемдік саясатта бейтараптық күштер тепетеңдігі саясатын жүмсартып, жауласқан араз екі елдің арасындағы "аралық" мемлекет болып пайдалы қызмет атқарды. Онымен қоймай, бейтарап-мемлекеттер "ара ағайындық" қызмет те атқара алатын еді. Бейтарап- мемлекеттердің өздеріне де мұндай саясаттың пайдасы тиді, ол одақтас-мемлекеттердің ісшараларынан тыс қалумен байланысты болды. Қазіргі әлемде өзара тәуелділік пен жаһанданудың күшеюі жағдайында бейтараптық біртіндеп мәнін жоғалтуда. 1990-шы жыл дардың басында Швейцария БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болды, Швеция мен Австрия 1995 жылы Еуропа Одағына кірді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бейтараптық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}