Бейнефотограф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БейнефотографПорфирий Бахметьевтің 1888 жылғы теледидарлық жобасы жатады. Ол бейнелер беруге арналған, өзі жобалаған приборды "Бейнефотограф" деп атады. Ол "Бейнефотограф" туралы рефератын 1880 жылы Цюрихте, Славил қоғамының жиналысында оқыды, ал бес жыл өткен соң орыс техникалық журналы Электричествода жариялады.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

П.Бахметьев жүйесіндегі беруші қондырғыдағы берілетін бейнені тарату берілетін бейне проекциясының жазыктығына спиральдық жолмен кезектестірілген, қатарға тізілген селенді фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылды. Әрбір фотоэлементтен шыққан электрлік сигналдар жекелеген сымдармен қабылдау пунктіне бағытталады.

Бахметьев бейнелерді көрсету үшін жарыктық газды пайдаланғысы келді. Қабылдау кондырғысында электрлік сигналдарды беруші қондырғы фотоэлементтерге ұқсас спиральдық ретпен орналастырылған, газ жанарғылары қатарына газ түсуін шектейтін жапқыштармен басқарылды. Жанарғылардан шыққан жарық қабылдаушы экран қызметін атқаратын күңгірт әйнекке проекцияланды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}