Бейнелерді инфрақызыл сәулелермен бақылау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейнелерді инфрақызыл сәулелермен бақылау – 20-жылдардын соңыңда Д.Бэрдке бейнелерді инфрақызыл сәулелермен бақылау (ондай мүмкіндік туралы А. Полумордвиновтің патенттік өтінімінде де айтылған еді), теледидарлық сигналды ГлазгоЛондон, ЛондонЛидс және т.б. желілеріндегі телефон сымдары арқылы беру, бейнелерді радиомен мұхит арқылы және жүзіп келе жатқан кемеге беру, түрлі-түсті теледидар сияқты жаналықтарды көрсетудің сәті түсті. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Бейненің нашар сапасына қарамастан бұл теледидардың одан әрі дамуына үгіттеу болды. Алайда алдынғы қатарлы елдерде теледидардың дамуы мен енгізілуіне Михали, Дженкинс және Бэрдтің өзі де емес, АҚШ-тағы Америка радиокорпорациясы, Вестингауз бен Дженерал электрик, Германиядағы Телефункен және Фернзее, Англиядағы "Граммофон компаниясы" мен "Маркони" сияқты ірі кәсіпорындардың қожайындары үлкен ықпал етті.

1930 жылы қапиталистік елдердің экономиқасы ұшыраған ұлы тоқырауға дейін теледидар бейнені механиқалық әдістер негізінде тарататып беруші және қабылдаушы те-ледидар аппаратурасын шығаруды ұйымдастырған Еуропа мен Американың көптеген фирмаларына кірістер әкеле бастаған еді. Р.Хаббл ащы мысқылмен: "Өнертапқыштар өзара қаншама жарысса да, сөреге бірінші болып Уоллстрит келді", деді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}