Бейнеарна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейнеарна – XX ғасырдың соңына қарай журнал түріндегі бағдарламаны бейнеарна деп атау қалыптаса бастады. Канал сөзінің мәні теледидарға үйлес келеді, ол техникалық термин (қашықтан көрініс пен дыбыстың қабылдануын қамтамасыз ететін коммуникация әрі байланыс арнасы). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Кезінде Мәскеу және Мәскеу облысына күн сайын бірнеше сағат хабар беретін "Кеш жарық, Мәскеу!" "бейнеарна" деп аталынды. Бейнеарна уақыттың белгілі бір кезеніндегі "құрама" телебағдарлама; кейде ол өзіне жеке-дара, әлде аймақтық не тақырыптық ыңғайдағы сан алуан белгілерді бойына топтастырған, бір не бірнеше конферанс тектес жүргізушісі бар арна деуге жақындау.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}