Бейбіт Ыстыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Бейбіт ЫстыбаевЖамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында 1985 жылы туған. 2012 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.

  • Лақап аты: Тараз Арланы
  • Бойы: 193, салмағы: 135
  • Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
  • Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері
  • Бапкері: Елдос Далабай
Сурет:Қазақ күресі.jpg
Бейбіт Ыстыбаев күресуде

Жеңісі

Астанада қазақ күресінен екінші мәрте өткізілген «Қазақстан барысы» сайысында бас жүлдені иеленді. Оған ҚР Ұлттық банкі құйған «Алтын тайтұяқ» кубогі және Алтын белбеу тарту етілді. Оған қоса, жеңімпаз 150 мың доллар немесе 6,5 млн. теңге тұратын Хюндай Соната көлігін иеленді.<ref>ВИДЕО: Бейбит Ыстыбаев — победитель «Казахстан барысы», 23 қыркүйек 2012 года</ref>

Жеке өмірі

Бейбіт 2014 жылы Әйгерім деген қызға үйленген<ref>Победитель "Қазақстан Барысы-2012" женился</ref>. Әзірге балалары жоқ.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер