Бейбіт Жәлелұлы Исханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейбіт Жәлелұлы Исханов(1962 жылы туған) - тілтанушы. Филология ғылымының кандидаты (1990).


«М.Әуезов Абай тілі туралы» атты зерттеуінде (1996) ұлы суреткердің қазақ тілі мәселелері жөнінде айткан пікірлеріне байланысты біраз мәселелерге тоқталып, жан-жақты талдау жасаған. Ұлы қаламгердің ой-түжырымдары әлі де маңызды, қүнды екеніне назар аударған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref> Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1985-1990 жылдары С.М.Киров (қазіргі Әл-Фараби) атындағы ҚазМУ-дің филология факультетінде оқыған. 1990-1998 жылдары сол жерде қазақ тілі, қазақ филологиясы кафедраларында ассистент, аға оқытушы, 1998-2009 жылдары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2009 жылдын бері Абай атындағы ҚазҰПУ «Әдебиеттану және тіл білімі» ҒЗИ-да ғалым хатшы қызметін атқарып жүр. Үш монография мен 150-ден аса оқу-әдістемелік, ғылыми, публицистикалық мақаланың авторы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}