Бақыт Әшімова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақыт Әшімова (8.11. 1937 жыл, Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылы - 21.08.2012, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1984).

Қызылорда қыздар педагогикалық училищесін (1956), Алматы консерваториясын (1963, А.А. Леонтьеваның класы бойынша) бітірген. Консерваторияны бітірген жылы Қазақ академиялық опера және балет театрына қабылданған.

Әшімова осы театрда ұзақ жыл шығарм. еңбек етіп, көптеген опералардағы меццо-сопранолық рөлдерді нәзік лирикалық иірімдермен байытты. Олар: Дүрия, Қамқа, Дана, Жаңқа (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі” мен “Ер Тарғынында”), Қарлығаш, Люба (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы” мен “Төлеген Тоқтаровында”), Аналық (М. Төлебаевтың “Біржан—Сарасында”), Тоғызақ (Н. Жигановтың “Алтыншашында”), Ларина (П. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Сузуки (Дж. Пуччинидің “Чио-чио-санында”), Шәмсия (З. Исмагиловтың “Құдашасында”) рөлдері Әшімова сомдауында мүлде жаңа қырынан ашылды. Ол Нұрсұлу, Ана (С. Мұхамеджановтың “Айсұлуы” мен “Жұмбақ қызында”), Балым (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Алқа (Ғ. Жұбанованың “Құрманғазысында”) партияларын сахнада тұңғыш рет орындады. Әшімова өнерінің екінші қыры — камералық әншілігі. Ол Н. Тілендиевтің “Куә бол”, “Махаббат мұңы”, “Күндер-ай”, “Жүрегім менің”, “Саржайлау”, “Сөнбейді, әже, шырағың” және Рахмадиевтің “Бала ғашық”, “Сағындым еркем”, “Күзде” әндерін алғаш рет орындап, қалың жұртшылықтың ықыласына бөленді.

Ұмытыла бастаған бірқатар халық әндері Әшімова орындауында қайта жаңғырып, қазіргі заманмен үндес өнер туындасына айналды. Сондай-ақ, замандас қазақ композиторларының әндерін (Б. Құрманғаливтің “Ардағым”, Ш. Қалдаяқовтың “Шынарым”, Ә. Бейсеуовтың “Алтыным”, Ә. Молдағайыновтың “Алғашқы ұстазым”, қаласының Жақановтың “Алматы кешінде”, т.б.) де Әшімованәзік нақышпен, терең сезіммен, тыңдаушыларға жеткізді. Әшімова орындаған әндер бірнеше дүркін жеке күйтабаққа жазылып шықты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}