Бақыт Бейсенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақыт Бейсенов (1964, Түрікменстан) - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі (2002 жылдан).

Өмірбаяны

  • Қазақ политехникалық институтын (1991) бітірген.
  • Орта Азия университетінің Ақтаудағы филиалын (2001) бітірген.
  • 1981-1982 жылдары - Жетісай кешенді химия цехында слесарь-жөндеуші.
  • 1984-1989 жылдары - «Жетібай мұнай» МГӨБ ПРО операторы, комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1989-1991 жылдары - Ералы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1991-1994 жылдары - Маңғыстау облыстық комитетінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, Маңғыстау облыстық жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1994-1998 жылдары - Маңғыстау облысы Әкімінің көмекшісі.
  • 1998-2000 жылдары - Маңғыстау облыстық әкімшілігінде бастықтың орынбасары, кадрлармен жұмыс және аппаратты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
  • 2000-2002 жылдары - Маңғыстау облыстық әділет Кеңесінің төрағасы.
  • 2002 жылдан - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» медалы
  • «Қазақстан мұнайының 100 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}