Бақытжан Ертайұлы Ертаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Ертайұлы Ертаев (25.07.1952 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант. (1998), Халық қаһарманы (2008).

Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1985), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның 4 айлық курсын бітірген. 1969-70 жылы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищеде курсант болып бастап, ол оқу орны Алматыға көшірілгеннен кейін сондағы жоғары жалпыәскери командалық училищесін 1973 жылы бітірді. 1980 жылға дейін Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводы, рота командирі, 1980-82 жылы Түркістан ЭО (Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент жеке мотоатқыштар бригадасы мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар полкі батальонының командирі, одан кейін М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы (1982- 85), Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотополк командирінің орынбасары, Батыс әскери тобы полк командирі міндеттерін атқарды (1985-92), ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамындағы әскери оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімшесінің бастығы, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі (1992-96), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның тыңдаушысы болып жүргенде ҚР Президентінің шешімімен кері шақырылып, армия корпусының командирі болып тағайындалды (1976-97), ҚР Қорғаныс министрінің 1 орынбасары -ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1 орынбасары (1997— 2000), Шығыс ЭО әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әскери академиясының бастығы (2000-02), ТМД қатысушы-мемлекеттер әскери ынтымақтастығын реттеу бойынша ҚР ҚК-нің өкілі (2002-03), ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, әскери дайындық бас басқармасының бастығы, әскери дайындықты ұйымдастыру және бақылау Бас инспекциясының Бас-инспекторы (2002-08), ҚР ҚМ ШБК төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК Бас инспекциясының бастығы (2008- 11). Қазір ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы.

ҚР «Халық Қаһарманы» мен Алтын Жұлдыз белгісі, Отан орденінің иегері және Қызыл Жұлдыз ордені, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», т.б. медальдермен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақытжан Ертайұлы Ертаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}