Бақытжамал Сапарқызы Қабыкенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжамал Сапарқызы Қабыкенова (16 маусым, 1952 жыл, Өскемен қаласында туған) - философия ғылымдарының докторы (2004). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны

  • Әкесі - Қабыкенов Сапар (1907-1977). Анасы - Қиқымбаева Қонтай Сарықызы (1924 ж. т.), зейнеткер.
  • С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің филолософия және экономика факультетін бітірген (1975), философ, философия пәнінінің оқытушысы.
  • 1988 жылдан - Алматы мал дәрігерлік институты (ҚазМЗУ) әлеуметтік және гуманитарлық пәндер доцентінің қызметін атқарушысы.
  • 1999 жылдан - салыстырмалы құқықтану Орталығының аға қызметкері.
  • 2000 жылдан - ҚазМЗУ әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасының докторанты.
  • 2002 жылдан - ҚазМЗУ жанындағы мемлекет және аға ғылыми қызметкері.
  • 2006 жылдан - Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі.
  • 2009 жылдан бері - ҚР Президенті жанындағы Мемлом басқарма академиясының бірінші вице-ректоры.

Ғылыми еңбектері

  • Философия ғылымдарының кандидаты (1995), докторы (2004]). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Құқық тарихындағы еркіндік идеясы».
  • Профессор (2010 жылдан).
  • «Құқық философиясы тарихындағы еркіндік идеясы» (2004) монографиясының
  • «Құқық философиясының тарихы» (2008)
  • «Құқықтық мәдениет» (2009) оқу құралдарының авторы.

Қоғамдық қызметі

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне доктор ғылыми атағын ізденушілерге арналған диссертациялық кеңес мүшесі.
  • Қазақстан Халқы ассамблеясына қарасты ғылыми-сараптық кеңестің мүшесі.

Марапаттары

  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Отбасы

  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жақышов С.А., заңгер.
  • Ұлдары - Жақышов А.С. (1976 ж. т.), заңгер, Жақышов А.С. (1983 ж. т.), заңгер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}