Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов (14 мамыр 1958 жыл Алматы қаласы) - «Банк ЦентрКредит» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы.

Білімі

  • 1979 ж. Мәскеу қаржы институтын
  • 1981 ж. - АХШИ-ды бітірген, қаржы және несие;
  • 1986 ж. - АХШИ аспирантурасын,
  • 1987 ж. - Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.

Өмірбаяны

  • 1979-80 жж. - Апматы облысы Мемлекеттік банкі кеңсесінің экономисі.
  • 1981-88 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің аға экономисі, басқарма бастығының орынбасары.
  • 1988 ж. - КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі Қазақ республикалық банкінің басқарма бастығы.
  • 1988-91 жж. - Алматы орталық кооперативтік банкінің Басқарма төрағасы.
  • 1991-93 жж. - «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің (ҚОАБ) Басқарма төрағасы.
  • 1993 жылдан - «Центрбанк» ҚОАБ (1997 жылдан - «Банк ЦентрКредит» АҚ) Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы.
  • «Қазақстан Интернационалдық банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы (1993-2003).
  • 1991 жылы - «Атамекен» қаржы-инвестициялық корпорациясының президенті
  • 1997 жылдан - «Атамекен» ҚӨТ Басқарма төрағасы;
  • «ТұранӘлем Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1998-2003).

Қоғамдық қызметі

  • КСРО коммерциялық банктерінің қауымдастығы Төралқасының мүшесі (1989-1992)
  • Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті (1992-96)
  • Америкалық-Қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы (1993-1996)
  • 1996 жылдан - ҚР Банктер қауымдастығының президенті.
  • 1999 жылдан - «Отан» РСП Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы.
  • ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (2001-03).
  • «ВМВ Мunai» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-05).

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»
  • «Тыңға 50 жыл» медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
  • «Құрмет»
  • «Достастық Жұлдызы» ордендерімен;
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
  • «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен;
  • «Отан» РСП «Белсенді қызметі үшін» белгісімен марапатталған.

Көзқарастары

  • Діни көзқарасы - «Дінге философиялық көзқараста».
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Интеграция және бірізді даму».
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - әр тарапты.
  • Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Лена Әділханқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub