Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Үлгі:Медальдар Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Өмірбаяны

  • Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген.
  • Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.

Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003

Жартылай орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 08.07.2003 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 30:8 Үлгі:Flagicon Daniel Geale
1/8 09.07.2003 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 29:10 Үлгі:Flagicon Kim Jing Joo
1/4 10.07.2003 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 14:18 Үлгі:Flagicon Шерзод Хусанов

Афинадағы Олимпиада ойындары

Жолдама алу

Бақтияр көп уақытқа Бокстан ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да ең соңғылардың бірі болып лицензияны жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта Қазақстанның үміті саналған еді, алайда Азамат 2004 жылдың 24 сәуір күні Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін болған спарингте Бақтияр Артаевқа жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Бақтиярдың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.

Олимпиада ойындары

Сурет:28-Олимпия ойындарының жеңімпазы Б.Артаев (2004, Афины, Грекия).jpg
28-Олимпия ойындарының жеңімпазы Б.Артаев (2004, Афины, Грекия
  • 15 тамыз
  • 19 тамыз
  • 22 тамыз
  • 27 тамыз
  • 29 тамыз

Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменістандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 1.5 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон Бақтияр Артаевқа финалда 36:26 есебімен жеңіліп қалды.

Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Вили Бертрана Танке
1/8 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 33:23 Үлгі:Flagicon Алиаскер Баширов
1/4 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Виктор Поляков
1/2 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 20:18 Үлгі:Flagicon Олег Саитов
Финал Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 36:26 Үлгі:Flagicon Лоренцо Арагон

2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 13 қараша
  • 15 қараша
  • 17 қараша
  • 18 қараша
  • 19 қараша
Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 25:17 Үлгі:Flagicon Спас Генов
1/8 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 48:28 Үлгі:Flagicon Хами Милуда
1/4 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 32:18 Үлгі:Flagicon Кахабер Жванио
1/2 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 22:31 Үлгі:Flagicon Эрисланди Лара Сантойя

2006 жылғы Азия ойындары

2007 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 24 қазан
  • 27 қазан
  • 30 қазан
  • 1 қараша
  • 2 қараша
  • 3 қараша
Орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/32 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Георгий Накани
1/16 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Чу Дук Жин
1/8 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 20:7 Үлгі:Flagicon Сурия Парсатхинпима
1/4 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 19:11 Үлгі:Flagicon Саид Рашиди
1/2 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 7:15 Үлгі:Flagicon Альфонсо Бланко
<ref>Біз бокс арқылы танылған елміз</ref>

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары

  • 9 тамыз
  • 16 тамыз
  • 20 тамыз
Орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/32 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 8:2 Үлгі:Flagicon Саид Рашиди
1/16 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 10:7 Үлгі:Flagicon Матвей Коробов
1/8 Үлгі:Flagicon Бақтияр Артаев 3:8 Үлгі:Flagicon Джеймс Ди Гейл

Еңбек жолы және білімі

Сурет:Stamps of Kazakhstan, 2013-43.jpg
Пошта маркасы, 2013 жыл
  • Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.
  • Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.
  • ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары
  • «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері
  • Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.
  • 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
  • 2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайының директоры.

Жанұясы

  • Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)
  • Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)
  • Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)
  • Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)
  • Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)
  • Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)

2012 жылдың 20 тамыз күні Бақтияр Артаевтың әкесі Ғарифолла Бекбасарұлы мен анасы Тұмарткүл Өміртайқызы "Алматы-Ташкент" тас жолының 544 шақырымында жол көлік апатынан қаза тапқан. Бақтиярдың әке-шешесінен бөлек көлікте Бақтиярдың туған ағасының екі қызы болған. Nissan X-Trail көлігінің тізгініне ие болмай қалған Ғарифолла Бекбасарұлы Шымент қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатқан. Қайғылы оқиға Күйік асуында орын алған.<ref>Жамбыл облысында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың ата-анасы көз жұмды</ref>

Бақтияр Артаев құрметіне

2007 жылдың 21-наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер