Бағыбек Құндақбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бағыбек Құндақбайұлы (1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағы) - өнертану ғылымдарының докторы.


1955 жылы Ташкенттің А.Н.Островский атындағы театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірген. 1955 —1956 жылдары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1956—1958 жылдары Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихының оқытушысы болған. 1958 жылдан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етіп келеді. Қазір осы институттың бөлім меңгерушісі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген. Өнертану ғылымының докторы, профессор.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесінің академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.</p> М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И.Экренің «Сау басыма — сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған.</p> Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы», монографиясының театр бөлімін жазған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref></p>

Шығармалары

  • Қазақтың академиялық драма театрында қырық жыл. (К.Нүрпейісовпен бірге). А., «Жазушы», 1966;
  • Режиссер және спектакль. А., «Жазушы», 1971;
  • Қызылорда театрында 25 жыл. А., «Жазушы», 1976;
  • Путь театра. А., «Жазушы», 1976;
  • Уақыт және театр. А., «Өнер», 1981;
  • Бел белестер. А., «Өнер», 1987;
  • Мұхтар Әуезов және театр. А., «Ғылым», 1997;
  • Заман және театр. А., «Өнер», 2001;
  • Театр туралы толғаныстар. А., «Өнер», 2006;
  • Қазақ театры ның тарихы. («Тұңғыш талпыныс», «Алғашқы адым», «Театр туған да», «Театр шежіресі») тарау лары. А., «Ғылым», I том. 1975, ІІ том. («Бүгінгі күн тақырыбы театр сахнасында», «Комедиялық спектакпьдер», «Эпостық спектакльдер», «Тарихи революциялық спектакльдер», «Қорытынды», «Репертуар» тараулары. 1978). ;
  • Алты томдық «История Советского драматического театра». М., 1966-1971;
  • Жиырма-отызыншы жылдардағы Қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1997;
  • Он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының 7-8-9 томдары». А., «Қазақпарат», 2004-2005;
  • Шернияз. А., «Өнер», 1990; Восхождения. А., «Жалын», 1977.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті