Бағдәулет Кенжәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бағдәулет Кенжәлиев (15.8.1948 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002).

Өмірбаяны

  • 1975 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
  • 1975–99 жылдары Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана мен бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 1999 жылдан осы институттың директоры.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері байытылуы қиын кендерді, жартылай өнімдер мен түсті және асыл металдарды екінші реттік шикізат ретінде қайта өңдеу технологиясына арналған. Кенжәлиев Ақтоғай және Айдарлы кен орындарындағы мыс кендерін үйінді әдіспен шаймалаудың тиімділігін зерттеді.

Марапаттары

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1981).<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}