Бахытқан Қабижанұлы Мырзахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бахытқан Қабижанұлы Мырзахметов - 1953 жылы 27 қаңтарда Қостанай қаласында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Мырзахметов Қабижан, халық биі болған. Анасы - Мырзахметова Қатира, үй шаруасымен айналысқан, батыр-ана.
  • В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының графика факультетін бітірген (1984), суретші-график. Кескіндеме, графика, плакат, монументалды кескіндеме, кітаби графика жанрында жұмыс істейді.

«Көш», «Махамбет», «Қансонар», «Жеті Жарғы», «Тәркілеу» кескіндемелік жұмыстардың; «Қайта құру жайлы» саяси плакаттар сериясының, театр плакаттары сериясының авторы.

5 бүкілодақтық, 40 жуық республикалық және қалалық топтық көрмелердің, 2 бүкілодақтық плакат симпозиумының қатысушысы. 4 жеке көрмесін өткізген.

Жұмыстары ҚР Президентінің резиденциясында, Президенттік Мәдениет орталығында, С. Сейфуллин атындағы мұражайда, Ғ. Мүсрепов атындағы Мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражайлық кешенде, С. Мұқанов атындағы Мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражайлық кешенде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы үй-мұражайда, Көркемсурет көрмелер дирекциясында сақталуда.

  • 1971-1973 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1976-1978 жылдары - КазКСР Көркөмсурет қорының Арқалық көркемсурет шеберханаларының қызметкері.
  • 1984-1996 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының аға оқытушысы, монументалды сәндік кескіндемө кафедрасының меңгерушісі, декан қызметін атқарушы.
  • 1995-1998 жылдары - ҚР Суретшілер одағының жастар бірлестігінің төрағасы.
  • 2000 жылдан бері - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеттің кескіндеме доценті.
  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан). ҚР Суретшілер одағы басқармасының тұрақты мүшесі (1995 жылдан). ҚР Суретшілер одағына қарасты Алматы суретшілер бірлестігінің төрағасы (1997-1998). ҚР Суретшілер одағының хатшысы (2008 жылдан).


  • БЛКЖК ОК (Алматы қаласы, 1987), ҚазКСР (Алматы, 1988), ҚР Мәдениет комитетінің (Алматы қаласы, 1998) құрмет грамоталарымен марапатталған. Республикааралық плакат конкурсының (Алматы қаласы, 1982; Фрунзе қаласы, 1988), Бүкілодақтық ең үздік саяси плакат конкурсының (Мәскеу қаласы, 1989) 1-ші дәрежелі дипломанты; «Ине» ұлттық плакат конкурсының (Алматы қаласы, 1997) 3-ші дәрежелі дипломанты; «Әлем Санияз-Қазақстан» халықаралық өнер фестивалінің құрмет дипломына ие (Алматы қаласы, 2000).

Мәдениет қайраткері (2004).

  • Үйленген. Жұбайы - Мырзахметова Халида Рафаилқызы (1956 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ұлы - Мырзахметов Өмірхан (1975 жылы туған); қызы - Сланова Жәнел (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub