Бахтияр Мұстапаұлы Оразаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бахтияр Мұстапаұлы Оразаев (16.7.1923, Қызылорда облысы Сырдария ауданы - 6.8.2001, Алматы қаласы)—геология-минерал, ғылыми доктары (1970), профессор (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ташкент қаласындағы Орта Азия политехника институтын (1950) бітірген соң осы институтта аспирант, оқытушы, кафедра меңгерушісі (1950-60) болды. Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың шақыруымен Алматы қаласына ауысып, Геологиялық ғылыми-зерттеу институтында сектор, бөлім меңгерушісі (1960-80), ал 1980 жылдан Қазақ политех институтында (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оразаевтың негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, жердің терең қабаттарының құрылысы мен сейсмикалығын зерттеуге арналған. Жауынгерлік Қызыл Ту, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдармен марапатталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бахтияр Мұстапаұлы Оразаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}