Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша, 1960, Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2011).<ref>Акимом Мангистауской области назначен Бауржан Мухамеджанов</ref>, Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
  • Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі».
  • 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.
  • 1990 жылдың шілде айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
  • 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
  • 1992 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
  • 1993 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1994 жылдың ақпан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі
  • 1994 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
  • 1995 жылдың қараша айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдың желтоқсан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының әділет министрі
  • 2000 жылдың қыркүйек айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2002 жылдан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары.
  • 2003 жылдан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
  • 2009 жылдың сәуір айынан бері — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
  • 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 - Маңғыстау облысының әкімі.
  • 26 наурыз 2013 жылы - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.<ref>Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Литве</ref>
  • 21 мамыр 2013 жылдан - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.<ref>Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Латвии</ref>

Марапаттары

  • «Парасат» (1999)
  • «Барыс» (2004) ордендерімен;
  • медальдармен;
  • ҚР Құрмет грамотасымен (1993) марапатталған.

Әскери атағы — запастағы капитан.

Отбасылық жағдайы

  • Үйленген. Жұбайы - Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы.
  • Қыздары - Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған).
  • Немерелері - Әлижан (2000 жылы туған), Әміржан (2004 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>