Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (1974 жыл 19 наурыз Алматы қаласы) - Алматы қаласының әкімі, саясат ғылымдарының кандидаты.

  • Әкесі - Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы, зейнеткер, «Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау» КМК бастығының орынбасары болған. Анасы - Байбек Алтынай Құнғалиқызы, зейнеткер, «Қазгипротамақөнеркәсіп» бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған.

Білімі

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог;
  • Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбектері

  • «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде)
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы;
  • «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы;
  • 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.

Жеке мағлұматтар

Қызмет жолы

  • 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).
  • 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі
  • 2004 жылдан - бас инспекторы
  • 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі.
  • 2009 жылдың тамыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2013 жылдың қаңтарынан — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2015 жылдың 9 тамызынан - Алматы қаласының әкімі.

Қоғамдық қызметі

Марапаттары

  • «Құрмет» (2008) орденімен;
  • "Парасат" орденімен
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
  • ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.

Хоббиі

Үй жағдайы

  • Үйленген. Жұбайы - Рахметова Жанар Ыбырайымқызы.
  • Қыздары - Байбек Інжу, Байбек Жарқынай.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>