Бауман Салықбайұлы Амандосов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауман Салықбайұлы Амандосов (5.12. 1921, Атырау облысы бұрынғы Балықшы ауданы Кеңөзек ауылы (қазіргі Атырау қаласы) - 8.7.1991) - журналист, аудармашы, ғалым-ұстаз, филология ғылым доктары, профессор (1971), Қазақстандағы теориялық журналистік мектептің негізін қалаушы.

Өмірбаяны

  • Еңбек жолын қазіргі Атырау қаласында шығып тұрған «Социалистік құрылыс» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болудан бастады.
  • 1950 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін бітіріп, өзі оқыған кафедрада педагогика жұмысқа қалдырылды.
  • 1952-58 жылы сырттай оқыту саласында проректор,
  • 1959-66 жылы филология факультетінің деканы қызметін атқарды.
  • 1966 жылы өзінің ұйтқы болуымен құрылған Қазақстан мен Орта Азиядағы бірден-бір журналистика факультетінің тұңғыш деканы болып сайланып, 10 жылдай уақыт бойы осы қызметте болды және өмірінің соңғы күндеріне дейін өзі ашқан журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасына жетекшілік етті.

Еңбектері

Республикада қазақ публицистикасы теориясын дәйекті зерттеуді алғаш қолға алған ғалым Қазақстан журналистика теориясы бойынша тұңғыш профессор атағын алды.

  • 11 монографиялық еңбектің
  • «Публицистика - дәуір үні»
  • «Достық лебізі»
  • «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» атты оқу құралдарының авторы.

Қоғамдық қызметі

Көптеген қоғамдық жұмыстар атқарды.

  • КСРО Журналистер одағы 2, 3, 4-съездерінің делегаты, 3-съезде КСРО Журналистер одағы басқармасының мүшесі болып сайланды.
  • Бірнеше жыл Қазақстан Журналистер одағы Алматы қаласы ұйымын басқарды.
  • Журналистік шеберлік университетінің ректоры
  • Қазақ кеңес энциклопедиясы ғылым-редакторы кеңесінің мүшесі болды.

Бауман - өздері «Оптимист» кеңшары деп атаған бірнеше отбасының студенттік кезден басталған достастық клубының төрағасы болған. Оған біріне-бірі қымбат достар Тауман Амандосов, Оразай Батырбеков, Манаш Қозыбаев, Қанапия Ахметов, Шерияздан Елеукенов, Жұмағали Ысмағұлов, Яхия Әубәкіров, Дүйсенхан Қабдиев, Құрманбек Әбілдиев, Сыздық Мусиндер отбасыларымен кірген. Бауман басқарған «Оптимист» кеңшарының мүшелері жыл сайын 2 қаңтарда М.Төлебаев көшесіндегі Қаныш Сәтбаевтың қызы Шәмшиябану Сәтбаева мен ғалымның күйеу баласы Оразай Батырбековтің үйінде бас қосып, Шәмшиябанудың анасы Шәрипа Смағұлқызынан бата алуды дәстүрге айналдырған. Бұл күні әзіл-күлкі, ойын-сауық толастамай, ұзаққа созылатын болған. Шәмшиябанудың өзі фортепьяно мен домбырада ойнаған. Осындай жиындарда Сәтбаев туралы да көп естеліктер айтылған. Бауман басқосудың мазмұнды да әсерлі өтуіне баса көңіл бөліп, шебер ұйымдастыра білген.

Марапаттары

  • Бірнеше КСРО медальдары
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталары
  • «Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» (1982).<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}