Батыс Қазақстан ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Қазақстан Ескерткіштері - Қазақстанның батыс бөлігінде сақталған бірегей сәулет-құрылыс ескерткіштерінің қалыптасқан жалпылама атауы. Арал - Каспий аймағына жолы түскен ортағасырлық авторлар (Ахмед ибн Фадлан, 922; Гильом де Рубрук, XIII ғ-дың ортасы, Ибн Баттута, 1333; Антоний Дженкинсон, 1556 - 60, т.б.) оғыз-қыпшақ бейіттеріндегі ескерткіштерге ерте кезден-ақ назар аударған. Сол кезден бастап бұл аймақта әр түрлі зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келді. XIX ғасырдың 50-жылдары Маңғыстаудың архитектура ескерткіштерінің үлгілерін Т.Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесский қағазға түсірді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Е.Р. Шнейдерстің құлпытастарды жасау өнері туралы “Қазақ оюлары” (1927) атты очеркі жарияланды. Арнайы ғылыми зерттеулерді қазақ архитекторлары Т.К. Бәсенов (1947) және М.М. Меңдіқұлов (1953, 1956) жүргізді. XX ғ-дың 70-жылдары Меңдіқұлов өз зерттеулерін жалғастырып, “Батыс Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері” (1987) атты кітабын жариялады. 1978-90 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінің, Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының, тарих, археология және этнография институтының экспедициялары (жетекшісі С. Әжіғалиев) зерттеген. Батыс Қазақстан Ескерткіштері хронологиялық тұрғыдан үш негізгі кезеңге жатады: 1. Ортағасырлық оғыз-қыпшақ кезеңінің ескерткіштері (Шопан ата, Сұлтан апа, Шақпақ ата, Қараман ата, Балғасын); 2. Кейінгі ортағасырлық кезең (XV - XVIII ғ-лар) ескерткіштері (Қанғы баба, Кентті баба, Үштам, Масат ата, Сисем ата, Абат-Байтақ, Қарасақал, Асан қожа, т.б.); 3. Жаңа дәуір (XVIII — XIX ғ-лар) ескерткіштері (Қарашық, Қызылсу, Сағындық, Бейсембай, Алып ана, Дауымшар, Тайлан, Дәуіт ата, Сейіт бабай, Алтын, Қарабас әулие, Хан бейіті, т.б.). Ал географиялық орналасуы жағынан Батыс Қазақстан ескерткіштерін Маңғыстау ескерткіштері, Үстірт ескерткіштері, Доңызтау ескерткіштері, Жем бойы ескерткіштері, Атырау ескерткіштері, Қобда ескерткіштері, Арал өңірі ескерткіштері деп жеті жергілікті топқа бөлуге болады. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс Қазақстан ескерткіштері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}