Батырбек Мықансалықұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography

Ахметов Батырбек Мықансалықұлы (1954 жыл, 9 желтоқсан, Қостанай облысы Жангелді ауданы, Саға ауылында туған) - қоғам қайраткері, Жангелді ауданының әкімі (2002-2009).

Өмірбаяны

Білімі

Қызмет жолы

  • 1971 жылдан - Алматы қаласының №6 автобазасында автослесарь.
  • 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1975 жылдан - Торғай облысы Жангелдин ауданының ішкі істер органдарының МӨҚ инспекторы.
  • 1981 жылдан - Қостанай облыстық ІІБ ӨКБ техникалық қызмет бөлімінің бастығы.
  • 1982 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының «Бидайық» кеңшарында машина ауласының меңгерушісі.
  • 1983 жылдан - «Бидайық» кеңшарында МТШ меңгерушісі, 1986 жылдан - бас инженері, 1988 жылдан - егіс бригадасының бригадирі.
  • 1991 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының М. Дулатов атындағы кеңшарында бас агроном, 1992 жылдың қыркүйегінен - кеңшар директоры.
  • 1992 жылдың желтоқсанынан - М. Дулатов атындағы қауымдастықтың төрағасы.
  • 1997 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының «Ақбидай-2» ЖШС директоры.
  • 1999 жылдың сәуірінен - Қостанай облысы Алтынсарин ауданының конкурстық басқарушысы.
  • 1999 жылдың желтоқсанынан - Қостанай облыстық АШЖЗС директоры.
  • 2000 жылдың қыркүйегінен - «Сақтау» ЖШС директоры (Қостанай облысының Заречное ауылы).
  • 2000 жылдың желтоқсанынан - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары міндеттерін уақытша атқарушы.
  • 2001 жылдан - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2002 жылдан - Қостанай облысы Алтынсарин аудандық ААШБ бастығы.
  • 2004 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының әкімі.
  • 2009 жылдан бері - Қостанай облыстың әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының бастығы.

Қоғамдық қызметі

Жангелдин аудандық Халық депутаттары кеңесінің 21-ші шақырылым депутаты (1989-1993).

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені (2006);
  • «Ерен еңбегі үшін» (1991)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі
  • Қостанай облысы әкімінің грамотасы.
  • ҚР Президентінің алғысымен аталған (2001).

Отбасы

  • Әкесі - Ахметов Мықансалық, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Ахметова Боташ, марқүм, жұмысшы болған.
  • Үйленген. Жұбайы - Айтжанова Күлдірайхан Әуесханқызы (1956 ж. т.).
  • Ұлдары - Ахметов Талғат Батырбекұлы (1978 ж. т.), Ахметов Әділ Батырбекұлы (1986 ж. т.), Ахметов Әмір Батырбекұлы (1997 ж. т.);
  • қызы - Ахметова Жанат Батырбекқызы (1980 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub