Батырбек Ахметұлы Бірімжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Батырбек Ахметұлы Бірімжанов (10 желтоқсан 1911 жылы, қазіргі Орынбор облысы, Бузулук қаласы – 7 тамыз 1985 жылы, Алматы қаласы)химия ғылымдарының докторы (1966 жылы), профессор (1965 жылы), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968 жылы).

Өмірбаяны

Қазақ педагогикалық институты (1932 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті), Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1939 жылы) бітірген.

1934 жылдан Қазақ Мемлекеттік Университетінде (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954–1980 жылдары) болды.

Ғылыми жұмыстары мен еңбектері

«Физико-химия процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Бірімжанов құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау және Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технология схемасын, фосфор және бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-әдісі анализін өндіріске енгізді.

Марапаттары

Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер