Батырбек Асылбекұлы Әлжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Батырбек Асылбекұлы Әлжанов.jpg
Батырбек Асылбекұлы Әлжанов

Батырбек Асылбекұлы Әлжанов (1964 ж. 8 наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында туған) - қаржыгер, “ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК директоры<ref>Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК</ref>, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бұрынғы орынбасары.

Өмірбаяны

  • 1986 ж. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген, неміс және ағылшын тілдерінің оқытушысы;
  • 1997 ж. РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген, банк ісі.
  • 1986-87 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
  • 1988-90 жж. - Шетелдік туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің Алматы бөлімшесінің туризм жөніндегі инспекторы.
  • 1990-92 жж. ҚазКСР телевидение және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы.
  • 1992-96 жж. - ҚР Ұлттық банкінің экономисі, жетекші, бас экономисі, корреспонденттік қатынастар мен диллинг операциялары басқармасының бастығы, валюталық шоттар басқармасы бастығының орынбасары, корреспонденттік қатынастар мен халықаралық есеп айырысу басқармасының бастығы, шетелдік операциялар департаменті директорының орынбасары.
  • 1996-97 жж. - «Тұранбанкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 1997-2005 жж. - ҚР Ұлттық банкінің шетелдік операциялар департаментінің директоры, монетарлық операциялар департаментінің директоры.
  • 2005 жыл- 24.01.2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.<ref>Батырбек Әлжанов Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды</ref>
  • Қазіргі уақытта “ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК директоры.

Марапаттары

  • ҚР Президентінің Алғыс хатын алған (2001).
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001)
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі (2003)
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгісі (2003).<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub