Батпақтардағы температуралық режім. Батпақтардың қатуы және еруі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батпақтардағы температуралық режім. Батпақтардың қатуы және еруі— минералды топырақтардағы тәрізді температура құбылуының шымтезек қабатындағы жылу алмасу процесіне сәйкес жүруі. Батпақтардағы температура құбылуының амплитудасы мен температураның максимумы мен минимумы топырақ қабатымен сәйкес келмейді. Ол бұл орталардың су жылуы қасиеттеріне байланысты. Ал жер асты суларының деңгейінен төмен орналасқан шымтезек қабатының жылулық қасиеттері өзгермейді деуге болады. Жоғары, кұбылмалы "тірі" кабатты жер асты суларының тербелуіне және шымтезектің ылғалдығының өзгеруіне байланысты бұл қабаттың жылу сыйымдьшығы мен жылу өткізгіштігі бір ландшафтан екінші ландшафтқа өткенде мерзімдік және кеңістікте өзгеріске ұшырап отырады. Ұйықтар мен тартпаларда және аса күшті ылғалданған үлескілерде жылу өткізгіштік пен жылу сыйымдылық сфагналық-бұталық микроландшафтарға қарағанда, әсіресе жазда көбірек, бірақ минералды топырақтарға қарағанда азырақ болады. Температураның тәуліктік режімі 15—20 см тереңдікке дейін айқын байқалады, жылдық режім 3,0—3,5 м-ге дейін, 35—40 см және 4—5 м тереңдіктерде температураның тәуліктік және жылдық құбылуы өшеді. Мүк батпақтарының бетіндегі жазғы температураның құбылу амплитудасының максимумы ондаған градусқа жетуі мүмкін, жекелеген ашық түндерде, солтүстік-батыс аудандарда батпақ беттерінде суық ұруы болуы мүмкін. Батпақ массивтерінің қатуы температураның орнықты (тұрақты) түрде 0°С-тен теріс мәнге етуінен соң 12—17 күннен кейін басталады. Шымтезек қабатының қатуы 5—10 см тұрақты қар қабатының қалыптасуына дейін қарқынды жүреді. Батпақ массивтерінің еруі турлі ландшафтарда әрқилы жүреді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батпақтардағы температуралық режім. Батпақтардың қатуы және еруі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}