Барлық жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Барлық жотасы Жетісу Алатауындағы тау сілемі.

Географиялық орны

Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекара аралығында орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 150 км-ге созылған, енді жері 55 км. Батысындағы сілемдері (Шүршіттау, Кертау, Жайлаутау, Арасантау) Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының аумағына енеді. Ең биік жері – Катушан тауы (2923 м).

Геологиялық құрылымы

Барлық жотасы герциндік қатпарлану кезінде пайда болған, палеoзойлық тау жыныстарынан түзілген.

Топырағы, өсімдігі

Тау етегі саздақты сұр қоңыр, қызғылт қоңыр және сортаңдау қоңыр топырақты. Онда сексеуіл аралас бұйырғын, жусан, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі. Бөктерінде минералды бұлақтар көп. <ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барлық жотасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}