Бапыш Қожамжарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бапыш Қожамжарұлы (1860, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Сызған ауылы — 1928, Созақ ауданы Сызған ауылы) — күйші.


Домбыра тартуды ауыл күйшілерінен үйренген. Ал, орындаушылық өнері мен өз шығарм. Сарыарқа, Қаратау өңірінің домбырашылары дәстүрінде қалыптасқан. Оның туындыларынан Тәттімбет, Ықылас үлгілері байқалады. Бапыш күйлері белгілі оқиғаларға арналған, мазмұны нақты, бірақ кезінде жазылып алынбағандықтан көбі ұмытылған. Оның “Қаратау”, “Қара жорға”, “Ыңғай төкпе”, “Бес жорға” атты күйлерін немересі, белгілі домбырашы, күйші Т.Момбеков жеткізген. Бұл шығармалар пластинкаға (“Қазақ күйлерінің антологиясы”, 1970) жазылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}