Банк ЦентрКредит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Банк Банк ЦентрКредит – активтері көлемі боынша 2011 ж. 1 сәуіріндегі жағдайда Қазақстан Коммерциялық банктері арасында төртінші орында. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.

Банктің республика бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді.

Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі – «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді.

Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл клиентердің өз әріптестерімен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.

Сілттемелер

<references/> Үлгі:Navbox