Балғасын мұнарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балғасын мұнарасы — осы аттас қорымда орналасқан сәулет өнері ескерткіші. Қазақ аңыздарында Балғасын көші-қон кезінде өлген қыздың есімі екен, жерленгеннен кейін бейіт басына әкесі Қазтуған ханның: “Қол астымдағы әрбір отбасы бір кірпіштен қаласын!” деген нұсқауы бойынша мұнара бір күнде тұрғызылыпты делінеді. Мұнара қазір бұзылған. Ол ұзақ уақыт бойына қыпшақ дәуірінің ескерткіші деп есептелініп келген. 1979 -1980 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі экспедициясының (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеулері нәтижесінде Балғасын мұнарасын 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басындағы қазақ-өзбек-ноғай дәуірінің құрылысы екендігі анықталды. Құлағанға дейінгі (1900) мұнара сипаттамаларында, әсіресе, А. Матовтың суретінде (1897) кесенеде Әмір Темір заманындағы сәулетшілер мектебінің белгілері айқын байқалады. Балғасын мұнарасын 9-10 м шаршыға жуық жобадағы діңгекті немесе порталды-пештақты-діңгекті ғимарат деп есептеуге болады. Кіретін есік оңтүстік-батыс қабырғаның оң жағында. Суретте көрсетілгендей жатаған тұғыр үстіндегі кеңірдек тәрізді барабанға көпқырлы күмбез салынған. Ғимараттың жалпы биіктігі 18—20 м. Түркістан қаласындағы осы тектес Рабия Сұлтан-бегім (15 ғасырдың аяғы) кесенесінің биікт. 23 м. Балғасын мұнарасы 4,5-5,0\11*22 см және 5,0\22*22 см тікбұрышты және шаршы, өте жоғары сапалы күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, күмбезі көгілдір эмаль жалатқан кірпішпен қапталған. Мұнара құлай бастағанда бұл кірпіштерді кейінірек салынған Оңалбек ата кесенесіне пайдаланған. Балғасын мұнарасының архитектурасы Мауераннахр және Дешті Қыпшақ мемориалдық құрылыстарымен композициялық байланысын көрсетеді. Сондай-ақ, оның 19 ғасырда Ырғыз —Мұғаджар өңірінде салынған ғажайып күмбезді кесенелерге ықпалы байқалады. Балғасын күмбезінің суреті И.А.Кастаньенің "Оренбургская ученая комиссияның құжаттары" кітабында жарияланды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Балғасынды зерттеу жалғасуда

Балғасын мұнарасы жайлы 2003 ж. ҚР мемл. хатшысы "Мәдени мұраларды" қорғау жөніндегі комиссия төрағасы И.Н.Тасмағанбетов мырзаға хат жолдап құлыптастардағы жазулардың қай тілде екенін сұраған болатынбыз. Көп кешікпей хатымызға ғылым департаменті директорының орынбасары Ә.Зейнуллин мырзадан жауап келді, онда Б.М. 20042005 ж.ж. "Мәдени мұра" бағдарламасына республикалық бюджеттен 3,5 млн. теңге бөлінгендігі айтылған болатынды.

2005 ж. 3 мамыр күні Шалқарға Ақтөбе, Алматы, Түркістан қалаларынан бір топ ғалымдар келді. Комиссия мүшелері 3-8 мамыр аралығында Балғасын бойында болды; лазерлік құралдармен жұмыс жасап, түрлі топографиялық өлшемдер алынды, бейне таспаға түсіру жұмыстары жасалынды. Енді ғалымдардың ұйғарымы бойынша, Б. мұнарасына археологиялық қазба жұмысы жасалыну керек деп табылды да белгіленген уақыттан сәл кейінірек, қыркүйек айының 8-20 аралығында қазба жұмыстары жүргізілді. Оның негізгі мақсаты Б. мұнарасының іргетасының периметрін анықтау болды. Қазба жұмыстары кезінде керамикалық бұйымдар, қазан сынықтары, моншақ, таспихтар, жебе ұштары және 1859 жыл белгіленген ғ тиындық орыс ақшасы табылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде мұнарада көпшіліктің түнегені анықталды. Сонымен қатар мұнарадан 400-500 метрдей жерде кірпіш күйдіретін пештің орны табылды. Оның маңайында шала күйдірілген, дұрыс піспей қалған кірпіштер және оттың күлі әлі күнге дейін анық байқалады. Аңызы мен ақиқаты қатар жүрген мұнараның құпиясының ашылуы алдағы уақыт еншісінде. Зерттеу жұмысы жалғасуда. <ref>Н.С.Пұсырманов. "Ақтөбе" газеті, № 23,30 наурыз.</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}