Балтабай Сейітмамытұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Балтабай Сейітмамытұлы (11 сәуір 1950 Алматы облысы Жамбыл ауданының Қастек ауылында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

Жалпы мәліметтер

Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық театрдың жанындағы театр студиясын (1971) театр және кино актері мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (1996), драма және кино режиссері мамандығы бойынша бітірген.

«Жүрегім ашық жақсыға» кітабының (2010); жарияланған спектакль рецензияларының авторы.

Еңбек жолы

  • 1974 жылдан- Сә Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актері.
  • 1976 жылдан - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері.
  • 1978 жылдың маусым айынан - «Гүлдер» республикалық ансамблінің актері.
  • 1978 жылдың қыркүйек айынан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының актері.
  • 1984 жылдан бері - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері.

Шығармашылығы

Келесі спектакльдерде ойнайды: I. Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Қозы), Е. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (Рахмет), С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П. Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), «Қызыл жебе» (Жармұханбетов), У. Шекспирдің «Даулы түнгі думан» (Тизей), М. Әуезовтың «Абай» (Айдар), Т. Теменовтың «Мулен Ружға шақыру» (Сахнаның киесі), Ә. Таразидің «Індет» (Қызыл әскер), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Жиөнбай), Е. Төлеубайдың «Жерұйық» (Бастық) және т.б.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Әскери атағы - аға матрос. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Хоббиі - өлең, әңгіме, пьеса, сценарий жазу. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық, тарихи, философиялық, Мысыр философтары туралы кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Сапахова Ләззат Айтханқызы, «Хабар» агенттігінің редакторы. Ұлдары - Арман Балтабайұлы, «Хабар» агенттігінің журналисі; Айдын Балтабайұлы, кино операторы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub