Балтабай Нұрлыбекұлы Нұрлыбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Нұрлыбеков Балтабай Нұрлыбекұлы.jpg
Нұрлыбеков Балтабай Нұрлыбекұлы

Б.Нұрлыбеков ОҚ облысында бастауыш, орта мектептерде, орта дәрежелі кәсіптік, жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз. ҚР-ғы оқу – ағарту саласын, оның ішінде оңтүстік өңіріндегі ХІХ-XX. ғасырлардағы мектептердің тарихын зерттеп, ғылыми танымдылық еңбектер жасаған белгілі ғалым, бастауыш, орта жоғары оқу орындарында, аудандық, обылыстық мекемелерде, обылыстық партия комитетінде жауапты, басшылық қызметтер атқарған Ұлы Отан соғыс майданында саяси жетекшілік жасаған қөрнекті қайраткер.

Б.Нұрлыбеков 1912 жыл Түркістан уезінің Созақ болысына қарасты Сызған ауылында дүниеге келген. Ауылда ескіше сауат ашып, жаңадан ашылған бастауыш мектепті бітіріп, елді сауаттандыру мәдени-көпшілік жұмыстарына бел шешіп араласады. 1930 жылы Шымкентте мұғалімдер даярлайтын 6 айлық курста білім алып, аудан орталығындағы бастауыш мектепте сабақ баре жүріп, оқу менгерушісі қызметін атқарады.

1933 жылдың аудандық оқу бөлімінің ұсынысы бойынша Түркістан станциясында ашылған кәсіптік ФЗО мектебіне мұғалім болып ауысады. Түркістан педучилищесінің оқу ісінің менгерушісі, училище басшысы қызметіне жоғарлатылды.

1939 жылдың басында аудандық партия комитетінің шешімімен Түркістан аудандық оқу бөлімінің менгерушісі қызметіне тағайындалады. 1940 жылы Облыстық партия комитетінің ұсынылуы мен облыстық кәсіподақ комитетінің оқу-ағарту саласы қызметкерлері одағының төрағасы болып сайланады. 1941 жылы обылыстық партия комитетіне әуелі нұсқаушы, онан соң кадрлар секторы менгерушісі кызметіне жоғарлатады.

1942 жылы қыркүйек айында майданға шақырылып, 1946 жылдың қыркүйегіне дейін саяси жетекшілік қызметте болады 1946жылдың қыркүйегінен бастап обылыстық партия комитетінде сектор менгерушісі, обылыстық тұтынушылар одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары қызметерін атқарып жүріп, Абай атындаға Қазақ Мемлекеттік педагогика институтың бітіреді. 1950-57 жылдары Сталин атындағы Шымкент педагогика институтында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, доценті кафедра менгерушісі, институт кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.

Б.Нұрлыбеков білім саласында қызмет істей жүріп, республикадағы оқу-ағарту саласының тарихын, бұрынғы Түркістан Республикасының құрамында болған Қазақстаның Оңтүстік облыстарындағы мектептердің тарихын жан-жақты зертеп, көптеген ғылыми енбектер жасады. 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі мектептерінің тарихы (1864-1925) деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дисертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізінде оған доцент ғылыми атағы берілді. Б.Нұрлыбековтың тәрбиесінен шыққан мыңдаған шәкірттерінің қатарында көптеген көрнекті қайраткерлер, ғылым, білім, еңбек, ардагерлері академиктер бар.

Балтабай атаның жұбайы қажы Мәкен Сейілқызы ұзақ жылдар мектепте мұғалім, директор болып еңбек еткен Республикадағы кеңінен танымал құрметті жан. Ол кісілер өз отбасында мәпелеп өсірген ұл-қыздары: Альмира, Алима, Ұлжан. Мұрат үлкен немересі Қуандық ғылым мен еңбекте биік нәтижелерге қол жеткізді. Оның ішінде Алима Балтабайқызы әке жолын қуған педагогика ғылымдарының докторы , професор бірнеше жыл Қазақ мемлекеттік қыздар пеагогика институтының Педагогика және психология факультетінің, Қазіргі кезде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педогогика және мәдениет факультетінің деканы болып қызмет атқарады. Б. Нұрлыбеков Отанымыздың қөптеген орден, медаль, грамоталарымен оның ішінде «Құрмет белгісі» 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталып, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болған.

Б. Нұрлыбековтың жарты ғасырдан астам уақыт еліміздің білім-ғылым саласындағы жас ұрпақты тәрбиелеп өсірудегі ерең еңбегін ескеріп, оның есімін мәнгі есте қалдыру мақсатына Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен қаланың бір қошесіне есімі берілді.

Ұлағатты ұстаздың еңбек жолы

01.10.1929ж Түркістан қаласындағы педагогикалық училищені аяқтады. 01.09.1937ж Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы 24.03.1939ж Аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды 03.06.1940ж Түркістан аудандық білім бөлімінің менгерушісі 05.06.1940ж Облыс комитетінің шешімімен облыстық бастауыш және орта мектептердің төрағасы 20.06,1942ж Еңбек резервтерінің облыстық басқармасы саяси бөлімі бойынша бастықтың орынбасары 31.07.1942ж Ұлы отан соғысына шақырылды 16.09.1946ж Обылыстың партия комитетінің кадрлар бөлімі секторының менгерушісі лауазымына 03.10.1947ж ОҚ обылыстың тұтынушылар кеңесі басқармасының төрағасының орынбасары 12.09.1950ж Сталин атындағы Шымкент педагогикалық институтынйң директоры 01.09.1957ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы 18.12.1965ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасында доцент м.а 02.12.1967ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті 01.12.1971ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі 27.04.1977ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі 1979-1987ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті 1989 жылдан Дербес зейнеткер

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.

2. ↑http://ardaktylar.kz/