Балапан (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Otheruses Үлгі:Телеарна «Балапан» — қазақстанның бірінші балалар арнасы. Эфир таралымы кабельдік желіден эфирге шығады. Эфир аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балалар. Телеарнаның басты ерекшелігі ол қазақ тілінде эфир таратады. «Балапан» телеарнасы «Қазақстан» ҰТА базасында құрылған.

Бағдарламалары

Мақсаты

Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан «интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Балапан» арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.<ref>http://balapantv.kz/telekanal/ Мақсаты</ref>

Басты ерекшеліктері

  • Ол -Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна.
  • Ол - тек қазақ тілінде хабар таратады.
  • Ол - білім мен ғылым, тәлім-тәрбиенің сарқылмас кені.

«Балапан» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері

  • Директоры:

Ләйлә Сұлтанқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші болып бастаған. 1999-2003 жылдары «Шаһар» ТРК продюсері, 2003-2006 жылдары «Хит ТВ» телеарнасының директоры. 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ бағдарламалар продюсері, 2009-2011 жылдары Орындаушылар құқықтарын басқарудың Қазақстандық қоғамы, Орындаушылар Кеңесінің төрайымы қызметін атқарған. 2012 жылдың 4 мамырынан «Балапан» телеарнасының директоры. «Екі жұлдыз» және тағы да басқа сазды сайыстардың әділқазы алқасының тұрақты мүшесі. <ref>http://balapantv.kz/telekanal/</ref>

  • Шеф-редакторы

Ләззат Оңғар - Шығармашылығының басым көпшілігін балалар хабарына арнауымен ерекшеленеді. Алғашқы қадамын «Ақжелкен» балалар журналының редакторы болып бастаса, одан кейінгі жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Санамақ» балдырғандарға арналған танымдық телеойынының жүргізушісі; сценарий авторы; редакторы болды. «Қазақстан» телеарнасының тарихындағы тұңғыш бақылау тәсілімен түсірілген «Бірінші сынып»; «Екінші сынып»; «Үшінші сынып» балаларға арналған танымдық бағдарламалардың сценарий авторы; редакторы қызметтерін атқарған. <ref>http://balapantv.kz/telekanal/</ref>

  • Режиссері

Қарлығаш Әбдібаева – Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында әкімші болып бастады. 1997 жылдан 2003 жылға дейін «НТК» телеарнасында «Түйін» сараптамалық бағдарламасының, «Сәлемдеме», «Саз сандық», «Утренник», «Увидел-победил!», «Красная кнопка» бағдарламаларының режиссері қызметін атқарды. 2003 жлдан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ!», «Дела житейские», «Все об инвестиций» бағдарламаларының режиссері болды. 2010 жылы «Балапан» телеарнасының режиссері. Қазіргі уақытта телеарнаның бас режиссері қызметін атқарады. Көп жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ!»,«Қайырлы таң!» таңғы бағдарламаларын және «Дела житейские» ток-шоу хабарын тікелей эфирге шығарып келді. Сондай-ақ «Еркетай» балалар хабарының режиссерлік қызметін атқарды. Республикалық деңгейдегі саяси телемосттарды тікелей эфирге беріп, өзінің көп камералы пультте жұмыс істеу біліктілігімен көзге түскен жоғары категориялы маман. <ref>http://balapantv.kz/telekanal/</ref>

"Балапан" телеарнасының бағдарламалары

  • "Тентегім"

Балалардың күнделікті өмірінен алынған қызықты оқиғаларға құрылған бағдарлама. Жүгіріп жүріп күлдіретін, бүлдіретін балалар осында.

Бағдарлама спорттық командылық жарыс ретінде өтеді. Ойынға қатысушы балаларды да көрермендерді де бірлікке, бауырмалдыққа шақырады. Бұл тек спорттық ойын ғана емес,...

  • "Бауырсақ"

Бағдарлама балаларды ағзамызға пайдалы тағамдар құрамымен таныстыра отырып дұрыс тамақтануға шақырады. Сондай-ақ балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру үшін...

Бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп, қызығушылықтарын тудырады. «Hello, Балапан!» мектеп табалдырығын енді аттаған балаларға таптырмас көмекші.

  • Санамақ

Балаларға арналған экономикалық алғашқы бағдарламамызды «Балапан» арнасынан тамашалаңыздар. Дүниенің құпия сырларын қарапайым да түсінікті тілмен Жұлдызбек...

Бағдарламаның мақсаты - баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға...

Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой танымын кеңейтуге әсер етеді. Ертегі мен шынайы өмірді ұштастырған бұл әңгімелер...

  • "Кел, ойнайық!"

Бағдарламаның ойыншылары - балалар. Сондықтан өз құрдасының іс-әрекеті, сөйлеуі, ойланып шешім айтуын көру - көрермен баланы қызықтырады. Балалар жарыса жүріп, ойын үстінде шыңдалады, балалар әдебиеті мен музыка, т.б. өнердің түрлерін үйрене отырып танымын арттырады.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Телерадио Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы