Байғали Досымжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байғали Досымжанов (01.01.1922, Семей — 09.07.1998, Алматы) — әнші, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1954; 1949 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).

1936 — 39 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1939 — 41 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған, 1947 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының, 1942 жылы ішкі істер жауынгерлерінің, кейін (1943) шекарашылар ән-би ансамбльдерінің жеке дауыстағы әншісі болды. 1944 жылдан Қазақ опера және балет театрында Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде”), Біржан (М.Төлебаевтың “Біржан — Сарасында”, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, 1949), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абайында”), т.б. партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ халық әндері мен халық композиторларының әндерін (“Жиырма бес”, “Бурылтай”, “Ақбақай”, “Сырымбет”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, “Ғайни”) насихаттады. Оның әншілік өнері жоғары мәдениетімен, жарқын бояуымен, шынайы терең тебіреністі өзіндік өрнегімен ерекшеленді. 1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлуы” мен “Алпамысын”, Брусиловскийдің “Қыз Жібегін” (Қ. Байсейітовпен бірге), З.Г. Исмагиловтың “Құдаша”, Д.Вердидің “Балмаскарад”, т.б. спектакльдерді сахналады. 1975 — 76 жылдары “Біржан-Сара” мен “Абай” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, 1978) операларын қайта қойды. 1975 жылдан Алматы консерваториясының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды. Досымжанов көптеген дарынды әншілерді даярлап, көркемөнерпаздықты дамытуға үлкен үлес қосты. Жұртшылыққа танымал болған “Қаламқас”, “Нұргүл” ансамбльдерінің қамқоршысы болды. Ү

ш мәрте Еңбек Қызыл Ту және “Парасат” орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}