Байтұрсын Есжанұлы Омарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байтұрсын Есжанұлы Омарбеков (1946 жыл 14 қыркүйек Талдықорған облысы Панфилов ауданы Лесновка ауылы) - суретші, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).

Әкесі - Омарбеков Есжан, марқұм. Анасы - Омарбекова Нұрипа, марқұм, үжымшарда жұмыс істеген.

  • Педагогикалық училищесін (1965); Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1969) бейнелеу өнері мен сызудың оқытушысы мамандығы бойынша; И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының жанындағы білім жөтілдіру курстарын (1974); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1984); Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесін (1989) бітірген. Германияда, АҚШ-та (2001) тәжірибеден өткен.
  • Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясының профессоры (1995 жылдан).
  • Бейнелеу өнерінің мәнері - кескіндеме, графика, мүсін.
  • 5 альбомның автор-құрастырушысы. 3 кітаптың, 50-нен астам мақалалардың және жарияланымдардың, сондай-ақ әртүрлі галереялар және жекеменшік жинақтардағы кескіндемелік, графикалық және мүсіндік шығармалардың авторы.
  • Кескіндеме, графика, мүсін бойынша жұмыстары мемлекеттік мекемелерде, жеке коллекцияларда сақталуда.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • 1969-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты кескіндеме кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - көркемсурет-графика факультетінің деканы.
  • 1978 жылдан - Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
  • 1993 жылдан - Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы графикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі.
  • 1994 жылдан - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры. 2007 жылдан - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
  • 2009 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағының төрағасы.
  • «ИКОМ - Қазақстан» Халықаралық мұражайлар кеңесі Қазақстан қауымдастығының президенті (2001 жылдан).
  • ЮНЕСКО істері бойынша ҚР ¥лттық комиссиясының (1995-2007); Қазақстанда орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, Алматы қалалық мәдениет пен өнер ескерткіштері жөніндегі комиссиясының (2003 жылдан), ҚР Білім және ғылым министрлігінің тіркөу кеңесінің (2009 жылдан) мүшесі.
  • «Астана-Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты (2005). КСРО Ағарту министрлігінің, КСРО Жоғары және орта білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1999).
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш. Перес.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «2017 жылға қарай шынайы демократиялық және өркендеген мемлекет».
  • Хоббиі - құрап бұйымдар жасау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи проза.
  • Үйленген. Жұбайы - Омарбекова Шахизада Қожағұлқызы (1948 жылы туған), колледж оқытушысы. Қызы - Мәдина (1970 жылы туған); ұлдары - Мағауия (1971 жылы туған), Ғани (1984 жылы туған)<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub