Байкенова Шайзада Мұхамеджанқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байкенова Шайзада Мұхамеджанқызы — баспагер, суретші. КСРО Журналистер және Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.

  • 1951 жылы 15-ақпанда Колутон станциясы Ақмола облысында туған.
  • 1975 жылы Алматыда Н.Гоголь атындағы көркем сурет училищесін бітірген
  • 1983 жылы — Украина полиграфия институтын бітірген.

Еңбек жолын 1972 жылы Ақмола облысында Самарский кеңшарында мәдениет сарайында директор болып қызмет атқарудан бастайды. Ш.Байкенова — көптеген кітаптарды көркемдеді. Ең алғашқы көркемдеген кітабы Х.Ерғалиевтың ән жинағы, "Жазушы" баспасында шықты. "Қайнар", "Жалын", "Ана тілі", "Фолиант", "Аударма", "Ел орда", "Мектеп", "Білім", "Дәуір" тағы басқа баспаларда біраз әдеби кітаптар, оқулықтар безендірді.

  • 1985 жылы - Ақпарат Министрлігінің бұйрығына сәйкес "Математика в картинках" деген кітап жасаған үшін және Халықаралық конкурста Диплом алғаны үшін сыйлық алды.
  • 1997 жылы - Қазақстан Республикасының Баспасөз және Бұқаралық Ақпарат істері жөніндегі Ұлттық агенттігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
  • 2005 жылы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ұйымдастырған Республикалық "Кітап — Рухани Азық" көрмесінде үздік суретші аталды.
  • 2004—2005 жылдары - ТМД елдерінің қатысуымен Халықаралық "Искусство книги" конкурсында "Память о целине" (Қайнар). "Награда президенту —признательность народу" (Фолиант), "Тағзым" (Балалар әдебиеті — Фолиант) дипломдарымен марапатталды.
  • 2004 жылы - "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" Құрмет белгісімен марапатталды.
  • 2004—05 жылдары - "Искусство книги" Халыкаралық конкурсының әділказылар мүшесі.
  • 2003 жылы - "Қазақстан Ресейде" жобасының Ресейге арналган кітап шығару тобының үйлестірушісі болып жұмыс атқарды.
  • 1997—2001 жылдары - Мария, Айдана деген типографиясының директоры.
  • 2001 жылы - Қазақстан суретші — графиктер қоғамдық бірлестігінің торайымы.
  • 2002 жылдан бастап "Балалар әдебиеті" ЖШС баспасының директоры.
  • 2004—05 жылдары - Алматы қаласындағы "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының үйлестірушісі.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}