Байбосын Күзембайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байбосын Күзембайұлы (1886 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы Тартоғай мекені - 1930, сонда) - ақын. Қызылқұм, Сыр бойы, Қаратау өңірі ақындарының шығармалары, халық поэзиясының нұсқаларын жатқа білген. Замандастарының жөнсіз қылық-мінездерін әшкерелеген сын-сықақ, кекесін өлеңдері халық ішіне кең тараған. Атақты Айтбай Қызыл жырау, Балтабай ақындармен сөз жарыстырып, өнер сынасқан.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Халық поэзиясының нұсқаларын, Сыр бойы мен Қаратау, Қазығұрт атырабы ақындарының шығармаларын жатқа білген. "Күз өтіп бара жатыр қысқа айналып", "Бітімге", "Қира Жүмаділдаға", "Бір қызға", т.б. Өлендері, замандастары Қызыл жырау, Айтбай, Балтабай секілді ақындармен сөз қағысулары, т.б. шығармалары Отырар руханияты музей-кітапханасында сақтаулы тұр.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}